KZ

Белгісіз вирустан адамдар қаза болуда

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Сауд Арабиясында мамыр айынан бастап жаңа вирус түрін жұқтырған адамдар қаза болуда. Аталған вирусты медицина маманы емделушіден жұқтырған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирус ауруханада жұмыс істейтін екі маманда анықталғандығын хабарлады. Дертке шалдыққан 45 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Ал вирус жұқтырған екінші медицина қызметкерінің денсаулығы бір қалыпты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2012 жылдың қыркүйек айында вирустың бұл түрін шамамен 40 адам жұқтырған. Әлемнің 6 елінде аурудан 20 адам көз жұмды. Мамандардың айтуынша, вирустың жаңа түрі тұмау мен өкпенің қабынуы сияқты аурулардың бірнеше түрлеріне әкеліп соғуы мүмкін.

Новости Казахстана
Белгісіз вирустан адамдар қаза болуда
Mailfire view pixel