KZ

Асанәлі Әшімов "Аңыз адам" атанды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақтың "Аңыз адамы" анықталды. Қазақ киносының мэтрі - Асанәлі Әшімов "Аңыз адам" ұлттық марапатына ие болды. Театр және кино саласының майталманына бір күнде 300-ден астам қолдаушы дауыс берген.

"Халық мерейі" қоғамдық қорының ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай марапатқа елімізде ерлер арасында тұңғыш Асанәлі Әшімов ие болыпты.

Асанәлі Әшімовтің өнер саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз. "Қыз жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір жүрдек пойызы", "КА мырза" фильмдерінде ол сомдаған әрбір кейіпкер әлі күнге дейін көрермендердің жадында жатталып тұр. Осыдан жарты ғасыр бұрын Мұхтар Әуезов атындағы драма-театр табалдырығын жасқана аттаған Асанәлі Әшімовті  бүгін "Халық мерейі" қоғамдық қоры "Аңыз адам" деген құрметпен марапаттады.

Бұған дейін бұл құрмет спорт, өнер, медицина саласында әйгілі қыз-келіншектерге ғана беріліп келген болатын. 76 жасқа келген актер ешқандай диета сақтамайды, оның пікірінше, сахнаның өзі әдемілікке баулиды.

"Құпиясы өзіңді өзің сақта, сахна үшін, театр үшін. Елдің алдында жүрген соң жақсы жүр. Сахна өзінен өзі тәрбиелейді әдемілікке", - дейді КСРО Халық әртісі.

Асанәлі Әшімовтің жоспары көп. Қазір бірнеше көркем фильмдерге ұсыныстар түскен. Бірақ дарын иесі нақты қандай туындыларға атсалысып жатқандығын жария етпеді.

Новости Казахстана
Асанәлі Әшімов "Аңыз адам" атанды
Mailfire view pixel