KZ
Жақын уақытта адамдар ғарышқа саяхаттауды бастайды

Жақын уақытта адамдар ғарышқа саяхаттауды бастайды

Расcказать Вконтакте

Ғарышқа саяхаттау жақын уақытта мүмкін болмақ. "Вирджин Гэлэктик" компаниясына тиесілі туристік ғарыш кемесі сынақтан сәтті өтті.

Оның реактивтік қозғалтқышы алғаш рет іске қосылып, дыбыс жылдамдығынан асып түскен. Сапар ұзақтығы бас-аяғы 1 сағатқа созылды. Зымырандық қозғалтқыш ұшақтың 18 мың метр биіктікке көтерілуіне мүмкіндік берген.

Сынақтар осы жыл бойы жүргізілмекші. Ұшу аппаратында 2 ұшқыш пен 6 жолаушыға арналған орын бар. Билет құны 200 мың доллар.

Десе де, көкке аттанамын деушілердің қарасы қазірдің өзінде көп көрінеді. Ғарышқа сапар шегуге 500-ден аса адам ниетті.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel