KZ
Қызылорда облысында қаржы полицейі мұнай ұрлауға жәрдемдескен

Қызылорда облысында қаржы полицейі мұнай ұрлауға жәрдемдескен

Расcказать Вконтакте

Қызылорда облыстық қаржы полициясының экс-тергеушісі де түрмеге отыратын болды.

Ол жұмыссыз бір азаматқа нұсқау беріп, заңсыз жолмен мұнай ұрлауға жәрдемдескен. Лауазымын пайдаланып мемлекетке 1 миллион 200 мың теңгеге жуық шығын әкелген. Сот оны 5 жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Билік органдары адамдарының өз қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бойынша айып тағылып, ісі сотта қаралды.

Сот үкімі бойынша ол бұл айыптар бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот қосымша жаза ретінде экс-тергеушіні капитан шенінен айырды. Қазіргі таңда айыпталушылар келтірілген шығын көлемін толық өтеген. Соған орай экс-тергеушінің сыбайласын 3 жылға шартты түрде соттады.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel