KZ
4 жасар бүлдіршінді зорлаған жігіт 20 жылға сотталды

4 жасар бүлдіршінді зорлаған жігіт 20 жылға сотталды

Расcказать Вконтакте

Жезқазғанда 4 жасар бүлдіршінді зорлаған жігіт 20 жылға сотталды. Ол былтыр желтоқсанда қолға түскен болатын.

Еш жерде жұмыс істемейтін азамат 1989 жылы Жезді кентінде туылған. Бұрын істі болмаған. Мас күйінде өзінің арам пиғылын іске асырған жігіт өз кінәсін толығымен мойындады.

Енді ол 20 жылын қатаң режимдегі түзеу колониясында өткізеді.

Айта кетейік, бұл азамат өткен жылдың желтоқсан айында жатақханада тұратын досына қонаққа барады. Ішімдік ішіп, есінен адасқан соң дәлізде ойнап жүрген кішкентай қызға көзі түскен. Алдап әжетханаға кіргізіп, баланы зорлаған. Мұны сот-медициналық сараптамасы дәлелдеп отыр. Осы оқиғадан кейін бүлдіршіннің психологиялық жағдайы нашарлап кеткен болатын.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel