KZ
Қырғызстан Қазақстанның АИ- 80 маркалы жанармайынан бас тартпақ

Қырғызстан Қазақстанның АИ- 80 маркалы жанармайынан бас тартпақ

Расcказать Вконтакте

Қырғызстан Қазақстанның АИ-80 маркалы жанармайынан бас тартуды көздейді. Себебі айыр қалпақты ағайын Ресейден жанар-жағармайды салықсыз тасымалдайды.

Бұл туралы Қырғызстан мұнай қауымдастығының басшылары мәлімдеді. АИ-80 маркалы жанармай елдің басым бөлігіне енген болатын.

Қазіргі таңда қырғыз елінде жанармай бағасының аздап түскені байқалады. Сұйық отынның басым бөлігі Ресейден жеткізілмек. Бағасы әр тоннаға 800 доллар деп белгіленді.

Ал Қырғызстанның солтүстік аймақтарына жанармай қазақ елінен жеткізіледі. Негізгі тасымалдаушы – Шымкент мұнай өңдеу зауыты.

Айта кетейік, Қазақстан АИ-80 маркалы жанармай тасымалын жаңғырту мәселесін шешіп жатыр. Оның ішінде Қырғызстан да маңызды рөл атқарады. Дегенмен, қырғыздар жағы Ресейден жанар-жағармайды салықсыз әкелетінін алға тартып отыр. Қос ел басшылығы осындай ортақ шешімге келген.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel