KZ
Қазақ жігіттері әлемдік додада бақ сынамақ

Қазақ жігіттері әлемдік додада бақ сынамақ

Расcказать Вконтакте

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылынан шыққан қазақ жігіттері әлемдік додада тағы да бақ сынамақ.

Суреттер Ардақ Назаровтың әлеуметтік желідегі бетінен алынды

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбіт Назаров Қытайда Бразилияның спортшысымен кездесуге аттанып барады. Ал оның туған ағасы, әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров әзірге спорттан кетпейтінін мәлімдеді.

Алматыдан 350 шақырым жердегі Қақпақ ауылының тумасы Ардақ Назаров әлемнің ережесіз жекпе-жектен үш дүркін чемпионы. Азия, Еуропа, әлем чемпионаттарында 50 рет додаға түсіп, басым көпшілігінде алаш туын желбіретті. Төртінші сыныптан спортқа ден қойған Ардақ чемпиондық жолын мектептегі құрдастарының арасында сол кездің сөзімен айтқанда, "атаман" атанудан бастаған.Ардақтың туған інісі Бейбіт Назаров та ережесіз жекпе-жекте ешкімді шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Ол енді мамыр айында Бейжіңде өтетін әлемдік додада Бразилия спортшысымен кездеспек. 25 жасар Бейбіт аз уақыт ішінде қазақ туын 20 мәрте желбіретіпті...Қарапайым отбасынан шығып, қазақтың атын әлемге танытқан ағайынды Назаровтар кейіннен бейнелей айтқанда, әлем құрамасына қарсы "Қақпақ" ауылының құрамасын қарсы қоя білді деуге болады. Олар қазір спортшыларды үш бағытта шыңдауда...Бүгінде бапкер болып жүрген Ардақ Назаров спортты қойыпты деген әңгімені жоққа шығарды. Шәкірттерімен бірге жаттығып жүрген ол әлемнің бес дүркін чемпионы атануды мұрат етіп, алаш жұртын қуантуға әлі деп күш салам дейді...

Новости Казахстана
Mailfire view pixel