KZ

Тілшілер Қазақстандағы "жұмыртқамен шабуылдың" басқа құрбандарын атады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жұмыртқа жаудыру - еліміздегі халық наразылығын көрсетудің ең тиімді әдісіне айналып бара жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов жұмыртқа астында қалған бірінші адам емес.

3 жыл бұрын тіркелмеген "Алға" партиясының төрағасы Владимир Козлов баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер боламын деген күні дәл осындай қолайсыз жағдайда қалған болатын. Қазақ тілін білмеген адам қалай Президент болады деп ашынған Желтоқсан қозғалысының мүшесі Талғат Рысқұлбеков Козловқа жұмыртқа атқан болатын.

Аталған оқиғаға орай Алматы қаласының әкімшілік соты Гүлбаһрам Жүніске он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, ал Рысқұлбеков 7 күнге қамауға алынған.

Сонымен қатар "Астана" командасының ойыншылары да сәтсіз матчтан кейін жұмыртқалармен атқыланды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кезедсуі кезінде ресейлік режиссер Никита Михалковқа да жұмыртқа лақтырылған болатын.

Новости Казахстана
Тілшілер Қазақстандағы "жұмыртқамен шабуылдың" басқа құрбандарын атады
Mailfire view pixel