KZ

Алматыда шенеунік қоғам белсендісін "Скотина" деп атады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

27-нші сәуірге белгіленген коммуналдық тарифтер мен әйелдердің зейнетке шығу жасының көтерілуіне қарсы наразылық шарасы жақындаған сайын оның ұйымдастырушыларына көрсетіліп жатқан қоқан-лоққы көбейді.

Митинг туралы үндеулерді үлестіріп жүрген қоғам белсендісі - Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қалелхан Әділхановты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері балағаттап тастапты.

Шопанова Гүлнәр есімді басшылардың бірі оған "Скотина, алқаш, есіңді жи!" деп ұрысқан.  Желтоқсан оқиғасына қатысқанын айтқан белсендіге шенеунік "Сен сияқты Желтоқсанға қатысқандардың мыңын білемін!" деп жауап қайырыпты. Енді қоғам белсендісі аузына ие болмаған шенеунікті сотқа беремін деп отыр.

Тілшілер мен басқа да ұйымдастырушыларды ертіп апарған Қалелхан мырзаға Шопанова Гүлнәр есігін ашпады. Көмекшілері басшысының кабинет ішінде отырғанын біле тұра, "әкімдікке жиналысқа кетті" деп ақталды.

Айта кетсек, еліміздің бірқатар қалаларында халық митингке шығамыз дегенімен, Семей, Астана, Орал, Ақтау, Қарағанды әкімдіктері бұл күнге түрлі шаралар белгіленгенін айтып, қалада бос орын жоқ деген желеумен арызды қайтарды.

Халықтың мұң-мұқтажына құлақ асқан тек Алматы әкімі Ахметжан Есімов болды. Онда да ол орталықтан жырақта орналасқан, Әуезов ауданындағы саябақтардың бірінен - Ленин ескерткішінің маңында орын бөліпті.

Новости Казахстана
Алматыда шенеунік қоғам белсендісін "Скотина" деп атады
Mailfire view pixel