KZ
Қытайдағы қандасымыз қазақ апортының даңқын қайтаруды армандайды
Новости Финансы

Қытайдағы қандасымыз қазақ апортының даңқын қайтаруды армандайды

Расказать Вконтакте

Жуырда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бүгінде алмаға деген ішкі сұраныстың тек 50 пайызын ғана қамтамасыз етіліп отырғандығын айтқан болатын.

"Себебі бізде алма өсіру жұмысы тиімсіз жүргізіледі. Алматы облысының өзінде бір гектар жерден 5 тонна алма жиналады. Ал Іле Алатауының арғы жағындағы қытайлықтар бір гектардан 45 тонна өнім алып отыр" деген еді.

Осы хабарды естіген Қытайда тұ­ра­­­тын қандасымыз Қаналым Таласбайұлы "Ай­қын­ның" редакциясына арнайы келіп, өз ойларымен бөлісті.

Зейнет жасындағы ақ­са­қал Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысында орман шаруашылығының үздік маманы Бақытнұр Төреханұлын жақсы біле­ді екен. Қаналым ағамыздың айтуынша, ол түрлі жеміс ағаштарын қай жерде қа­л­­­ай өсіру әрі халықаралық нарық сұранысына қа­ж­ет сорттарын таңдай білуден бастап, кө­шетін отырғызу, жеміс ағашының жасы мен био­логиялық ерекшеліктеріне сай баптау, пі­шін­деп бұтау, оларды зиянды организмдер мен та­биғи апаттан сақтау сияқты қазіргі заманғы технология мен қолданбалы жеміс-жидек техникасын қарапайым еңбек адамдарына ұғынық­ты үйретудің шебері, мұны ай­на­ла­сын­дағы бағбандарға мойындата білген на­ғыз табиғат жанашыры.

Бақытнұр Төре­хан­ұлы 2003 жылы Шыңжаң ха­­лық баспасынан қазақ тілінде "Орта ту­ра­лы тол­ғаныс" атты адам мен табиғат ара­сын­дағы қар­ым-қатынастар туралы кітабын шы­ғара­ды.

Алыста жүрсе де атажұрттың қамын ой­лай­­тын ақсақалдың негізгі айтпағы, Шыңжаң ғы­лым-техника баспасында 4000 нұсқамен басы­лып шыққан бұл кітапта жеміс ағашын егіп-баптаудың қыры мен сыры егжей-тег­жей­лі және толық түсіндірілген.

Сондай-ақ ал­ма ағашының биологиялық ерекшеліктері және алманың таңдаулы сорттары, алма кө­ше­­тін жетілдіру мен алма бағын құру, алма, өр­­ік, шабдалы, жүзім жемістерін баптау тех­но­­логиясы мен техникасы барынша толық сөз болады.

Енді ана табиғатын арына балайтын қара­­пайым қазақ баласы бір кездері ата­жұр­ты­­­ның атын шығарған апорт алмасының байыр­­­ғы даң­қын қалпына келтіруді арман­дайды екен. Тек жақсы ниетке біздің тараптан жылы қолдау болса болғаны.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
1
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии