KZ

Қазақстан полицейлері шындық детекторынан сынақ өтеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Шындық детекторы шындап қолданысқа енетін болды. Енді полицейлер қызметке қабылданар алдында міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

Бұл әдіс қызметтік тексеру жүргізгенде де қолданылады. Әскери-дәрігерлік комиссияда сыналған азаматтар да аппараттан қаша алмайды. Сенат бүгін құқық қорғау қызметіне қатысты кейбір заңдарға өзгерту енгізу туралы заң жобасын қабылдады.

Аталған құжаттың басты жаңалығы жоғарыда аталған шындық детекторына қатысты. Айта кетейік, Мемлекет басшысы шындық детекторы арқылы жемқорлықпен тиімді күрес жүргізуге болатынын айтқан-ды. Заң толығымен қолданысқа енген соң, шетелден полиграф қондырғылары сатып алына бастайды. Олардың жалпы құны қаншаға түсерін әзірге нақты айту қиын. Ал қажетті қаржы қазынадан бөлінеді.

Тағы бір мәселе, бізде полиграф мамандар жоқ. Оларды даярлау – кезек күттірмейтін мәселе. Сонымен қатар, заң жобасында құқық қорғау қызметкерлерінің шекті жасы белгіленген.

"Бұрын шектеу болатын, мысалы, майор болса, 45 жаста деген. Енді оны ұлғайтып жатыр. Бұл – дүниежүзілік тәжірибе", - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ермек Жұмабаев.

Новости Казахстана
Қазақстан полицейлері шындық детекторынан сынақ өтеді
Mailfire view pixel