KZ

Таразда шенеунік қызметтік көлігімен түнгі қалада сайран салған

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қызметтік көлікті кешкі 9-дан кейін жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынғанымен, бұл ережеге құлақ аспайтындар әлі жетерлік.

Кезекті рейд кезінде Тараз жол полициясы қызметкерлерінің назарына автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы бастығының қызметтік көлігі ілінді. КИА маркалы машинамен түн ортасында оның ұлы сайран салып жүрген.

Аталған көлікке құжаты болмаған соң, жауап берудің орнына бірден әкесіне қоңырау шалуға кірісті. Көліктің нақ иесі де көп ұзамай оқиға орнына жетті.

Сонымен қатар, тойханалардың бірінің алдында қаз-қатар тізіліп тұрған әкімдіктің көліктеріне қатысты да жол полициясы хаттама толтырды.

Новости Казахстана
Таразда шенеунік қызметтік көлігімен түнгі қалада сайран салған
Mailfire view pixel