KZ

Матаев Семей атауын Абай деп өзгертуді ұсынды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жуырда алматылықтарды шулатқан Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев Алматы атауын өзгерту ұсынысымен тоқталатын түрі жоқ.

31 арна тілшілеріне берген сұхбатында ол Алматымен қатар, Семей, Өскемен атауларын да өзгерту керектігін жеткізді.

Елдің шығыс өңіріндегі жер атауларының мән-мағынасы жоқ дейді ол. Өскемен мен Семей атауларының тарихи негізі жоқ, бірі Семипалатинсктен, екіншісі- Усть-Каменогорсктан қысқартылған дейді ол. Оның айтуынша, Семейдің атауын өзгерту туралы ресми қаулы қабылданбаған, сондықтан атауын әзір өзгерту қажет.

Ол сонымен қатар көптен бері ел аузында жүрген Павлодар атауына да қатысты мәселені қозғады. Ол Кереку деген атаумен келіспейді, себебі бұл орыстың Коряков деген көпесінің есімінен алынған атау дейді. 9-10 ғғ. Қимақ-Қыпшақ тайпалары орналасқандықтан, соңғы уақытта Қимақ атауы да ұсынылып жүрген болатын.

Журналистер одағаның төрағасы бұл атауды да лайық деп санамайды. Ол Семейге - Абай, Өскеменге - Қонаев, ал Павлодарға - Сәтпаев есімдерін беру керек деп есептейді.

Новости Казахстана
Матаев Семей атауын Абай деп өзгертуді ұсынды
Mailfire view pixel