KZ
Ұлыбританияның ең бай 1000 азаматының қатарына екі қазақстандық енді
Новости Финансы

Ұлыбританияның ең бай 1000 азаматының қатарына екі қазақстандық енді

Расказать Вконтакте

Жексенбі күні жарық көрген The Sunday Times Rich List 1000 рейтингінде, өткен жылдардағыдай, екі қазақстандық азаматтың есімі енген, олар: Владимир Ким мен Олег Новачук, деп жазады "Форбс Қазақстан".

Kazakhmys PLC тау-кен корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким £530 млн байлығымен тізімнің 165-ші орнынан орналасыпты. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда ол бірден 133 сатыға төмен түсіп кеткен: 2012 жылы ол 32-орында болса, 2011 жылы – 11-орын, 2010 жылы 14-орында тұрған екен. Өткен жыл ішінде қазақстандық магнат, The Sunday Times басылымының нұсқауынша, £1,493 млрд жоғалтқан. Kazakhmys PLC басқарушы директоры әрі компания акционерлерінің бірі Олег Новачуктің де байлығы біраз шайқалыпты. Биыл The Sunday Times Rich List тізімінде ол 418-орынға орныққан. 2012 жылы 251-орында болған екен. Оның байлығы, басылым мәліметіне сәйкес, £190 млн тең.

Мамандар Ким мен Новачуктің де, жалпы Kazakhmys PLC компаниялар тобының да табысының мұншалықты құлдырауын 2012 жылғы әлемдік мыс бағасының бірден 10 пайызға арзандауымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ шикізат сатылымының көлемі азайып, есесіне өндіру, еңбек ақысы мен көлік тасымалдау жұмыстарына шығын көлемі артқан.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии