KZ
Әбденов жақындарының жаңа заң туралы пікірін айтудан бас тартты
Новости Финансы

Әбденов жақындарының жаңа заң туралы пікірін айтудан бас тартты

Расказать Вконтакте

Кеше Мәжіліс әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке дейін  ұзартуға қатысты құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутаттар нәзік жандылардың жанайқайын елемей, аймақтарды аралағанда көмектесеміз деп уәде төккенімен, Еңбек министрлігінің уәжімен оңай келісе салды. Тіпті аймақтардан оралған мәжілісмендер зейнетақы жүйесіндегі реформаны халық қолдап отыр дейді.

"Қолдамаймыз. Мұны қабылдамауларыңызды сұраймыз деген көптеген ұсыныстар да хаттар да келіп жатыр. Мұның бәрін біз Үкіметке жіберіп Үкіметтің қарауына енгізіп отырмыз", - деді "халық жанашыры"  мәжілісмен Нұртай Сабильянов.

105 депутаттың 96 заң жобасын жақтап дауыс берді. Жетеуі дауыс беру құқын пайдаланған жоқ. Бұған да рахмет!

Мәжілістен қолдау тапқан Еңбек министрі 35 жасар Серік Әбденовтың 35  өзі зейнетке шығуды әлі ойламапты. Мәжіліс отырысынан кейін тілшілердің қойған сауалдарына атқамінер жөнді жауап бере алмады.

"Зейнетақы қорындағы ақшаңызды қалай жұмсайтыныңызды ойланып көрдіңіз бе?" деген сауалға "Маған оны ойлауға әлі ерте" деді.

Ал "Бұл жаңашылдыққа сіздің жақындарыңыз бен туыстарыңыз қалай қарады?" деген сұрақты ол елеусіз қалдырып, келесі сұраққа көшуді сұрады.

Бірінші оқылымда мақұлданған құжат екінші оқылымнан кейін Сенатқа жолданады. Сенаторлар да қолдап жатса, президент Нұрсұлтан Назарбаев соңғы сөзін айтады. Себебі Елбасының заңға қол қоймай оған вето қоятын құқы бар.

Расказать Вконтакте
Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии