KZ

Малайзияда қазақстандық студент қаза тапты

Расcказать Вконтакте

Шетелге білім іздеп кеткен тағы бір отандасымыз қаза болды деп хабарлайды КТК арнасы. Бұл жолы Малайзиядағы жеке университетте оқып жүрген 19 жастағы жерлесіміз Эдуард Лапшов көлік апатынан көз жұмды.

Апатқа ұшыраған автокөлікте Эдуардтан өзге Виталий Ни және Максим Силатов есімді екі Қазақстан азаматы болған. Темір тұлпарды 18 жастағы Виталий тізгіндеген екен.

Сол күні Кучинг қаласында қатты жауын жауып, ауа-райы аяқ астынан бұзылыпты. Тайғақ жолда жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылған. Ауыр жараланған Эдуард жедел ауруханаға жеткізіліпті. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша бола алмады. Ал, марқұмның жанындағы екі жолдасы дін аман.

Қазір Эдуардтың анасы Малайзияға аттанды. Қайғылы оқиғаға қатысты Кучинг қаласында тергеу жұмыстарын жүргізуде. Сараптамадан кейін жерлесіміздің денесін анасы елге алып оралады деп жоспарланған.

Новости Казахстана
Малайзияда қазақстандық студент қаза тапты
Mailfire view pixel