KZ

Қызылордада мас келіншек жол сақшыларын әбден сыбады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қызылордада жол ережесін елемеген жүргізуші тәртіп сақшыларына қыр көрсетті деп хабарлайды КТК арнасы.

Қымбат көлікті тізгіндеген келіншек жол полициясының талабын орындамай, оқиға орнынан жасырынбақ болған. Ал, полицейлердің құрығына ілінген соң оларды бірден балағаттауға кірісті.

Анықталғандай жүргізуші жаяу жүргіншіні жібермегені үшін күдік тудырған екен. Ал, оған хаттама толтыру барысында полицейлер келіншектің темір тұлпарды мас күйінде басқарғандығын байқаған.

Сондықтан тиісті сараптама жасату үшін наркологиялық орталыққа жеткізіліпті. Бірақ ол жоғарыда отырған туыстарымен қорқытып, қыр көрсетуін тоқтатпады.

Кейін жасалған сараптама қорытындысы бойынша оның орта дәрежеде мас болғаны расталды. Сондықтан көлігі айып тұрағына жөнелтіліп, жүргізуші куәлігі тәркіленді.

Читайте также
Қызылордада мас келіншек жол сақшыларын әбден сыбады
Mailfire view pixel