KZ

Қостанай тұрғынынан ұрылар құны 8 млн тұратын зергерлік бұйымдарды алып кетті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

 Қостанай облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құны 8 миллион теңгеден асып жығылатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын бір тәуліктің ішінде әшкерелеген.

Зардап шегуші, облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны 10 сәуір күні сейфтегі алтын әшекейлердің жоғалғанын байқаған.

ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Кенжекеев басқарған арнайы жедел іздестіру тобы күдіктілердің тұлғасын бірнеше сағатта анықтады.

Баукеспелер қылмыс үстінде қалалық ломбардта құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал қолды болған әшекейлердің бір бөлігі алынды.

Новости Казахстана
Қостанай тұрғынынан ұрылар құны 8 млн тұратын зергерлік бұйымдарды алып кетті
Mailfire view pixel