KZ

Қарағандыда ағайынды екі жігіт полицейдің погонын жұлып алды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

29 және 33 жастағы Қарағанды тұрғыны, ағайынды қос жігіт патрульдік полиция жасағына қарсылық көрсетіп, полицейдің киімін жыртқан.

Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінде хабарлады.

11 сәуірде кешкі уақытта Қарағанды облысы ІІД Жедел басқару орталығына Гоголь көшесінде алкогольдік ішімдік ішкен екі жас жігіт төбелес шығарып, көлік қозғалысына кедергі келтіріп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына полиция жасағы жөнілтілді. Бірақ, төбелес шығарған жігіттер билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартып, полицейге қарсылық көрсетіп, оның киімін жыртқан және погонын жұлып алған.

"Бұзақылар полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Новости Казахстана
Қарағандыда ағайынды екі жігіт полицейдің погонын жұлып алды
Mailfire view pixel