KZ

Петропавлда үйі су астында қалған зейнеткер шатырда жан бағып жүр

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Теріскейде қар еруі үдеген сайын, су басқан үйлер саны да көбейіп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Петропавлда коммуналдық қызмет өкілдерінен қайыр көрмеген тұрғындар қазір баспаналарын тастап, туған-туыстарын жағалап кеткен. Ал, барар жері жоқ 84 жастағы зейнеткер бес күннен бері үйінің шатырында түнеп жүр.

Зинаида Косареваның баспанасын белуардан су басып, дүние мүліктен түк қалмаған. Шатырға шығарып үлгерген көрпе-төсек пен азық-түлігін екі күннен бері талғажау етіп отыр. Ересек балалары аналарын құтқаруға көрші елден жете алар емес.

Жаны ашыған көршілері коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай мамандарын талай рет шақырғанымен, олардың асығар түрі жоқ.

Читайте также
Петропавлда үйі су астында қалған зейнеткер шатырда жан бағып жүр
Mailfire view pixel