KZ

Баян Есентаева трактористің махаббаты туралы кино түсіреді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Продюсер жақын күндері "Трактористпен махаббат" деп аталатын романтикалық комедия түсіретіндігін мәлімдеді.

Сонымен қатар продюсер һәм актриса Баян Есентаева өзінің авторлық кинотуындысына сценарист іздеп жүр. Жуырда оған коммерциялық емес фильмдер түсіруге ұсыныс жасалыныпты. Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлайды.

Баянның айтуынша, оны үнемі фестивальдік фильмдер қызықтырып жүрген екен. "Бұл әрине, мен үшін үлкен мәртебе. Нақты бір шешімге келу әлі ертерек. Ең бастысы, қазір лайықты сценарий табуым керек. Бұл мақсатта біз ең үздік сценариге кастинг жарияладық" дейді продюсер.

Коммерциялық кино саласына кеше ғана келген Баян Қазақстандағы ең кассасы мол фильмдердің бірін түсіргендігін айтып мақтанып отыр. Есентаева жаңа кино түсіру үшін оған барлық мүмкіндіктердің берілгендігін айтты. Мәселен, туынды қандай бағытта болу керек, оған түсетін актерлар мен түсіретін режиссерді таңдау Баянның өз еркінде.

Ал, ең үздік сценариге қойылатын талап – ол бір тұлғаның қызықты өмірі жайында баяндалуы тиіс. "Сценарий А санаттағы шығарма болуы қажет. Бәлкім ол атасы мен немересі немесе мұғалім жайында болуы мүмкін, бастысы көрерменді баурау" дейді Есентаева.

Новости Казахстана
Баян Есентаева трактористің махаббаты туралы кино түсіреді
Mailfire view pixel