KZ

Қарағанды тұрғыны тоқаштың арасынан адамның тісін тауып алды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қарағанды тұрғыны жергілікті дүкендердің бірінен тоқаш сатып алып, үйіне әкелгенде, күтпеген жерде оқыс нәрсе тауып алды.

Ол тоқаштың бірінен адам тісін тауып алды деп хабарлайды "Гарант" тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасұлан Аймағамбетов.

Енді даярлау кезінде өрескел қателіктер жіберген мекемемен зардап шеккен соттасып, моральдық шығын төлеуді талап етпек.

Бірлестік төрағасы Айтмағамбетовтың айтуынша, заңгерлер тұтынушыға шағым хатты қалай жазу керектігін көрсетіп көмектесті. Тіпті іс сотқа талап-арыз түсірусіз, тиісті деңгейде шешімін табуы да ықтимал.

Сондай-ақ сапасыз тауарды сөрелерінде сатып тұрған дүкен иесінің де беделін түсіргені үшін өндірушіден тиісті мөлшерде төлем алуына болады.

Новости Казахстана
Қарағанды тұрғыны тоқаштың арасынан адамның тісін тауып алды
Mailfire view pixel