KZ
Астанада геологтар қалашығы салынады
Новости Финансы

Астанада геологтар қалашығы салынады

Расказать Вконтакте

Астанада геологтар қалашығы салынады. Жоспар бойынша оның құрылысы 2014 жылы басталмақ.

Жағымды жаңалық жер қойнауын барлаушы мамандардың төл мерекесіне арналған жиында белгілі болды. Біздегі жер қойнауы қазба байлықтарына толы.

Әйтсе де алынатын минералды қазбаларға сараптама сыртта жасалады. Бұған халықаралық деңгейдегі зертханалық орталықтың жоқтығы себеп. Ал тау жыныстарына химиялық, минералогиялық және биохимиялық зерттеулерді жасату қомақты қаржыны қажет етеді.

Асқар Мұнара, "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басқарма бастығы:

- 2011 жылдары 11 мың тоннаға дейін тау жыныстары шетелге анализға кеткен. Ол деген үлкен қаржы. Егер өзіміз осы Астананың төңірегінде ғылыми-зерттеу орталығын құрсақ, қаржыдан үнемдей аламыз.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии