KZ
Қазақтар "Асар" дәстүрін жаңғыртуда
Новости Финансы

Қазақтар "Асар" дәстүрін жаңғыртуда

Расказать Вконтакте
Қазақтар "Асар" дәстүрін жаңғыртуда

"Бақытты отбасы" жобасы астаналықтарға берекелі шаңырақ сыйлайды. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы коалициясы ұйымдастырған жоба жеңіл жолмен үй салуға мүмкіндік береді.

100 сағат, яғни 13 күндік еңбек әр үйдің шаршы метрін 1200 шартты бірлікке теңейді Басты мақсат – қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Жоба аясында кез-келген азамат жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан, өзі армандаған үйге қол жеткізбек.

Тұтынушы қаржылық табысына байланысты баспана құнының 30 немесе 50 пайызын алдын-ала төлейді. Қалғанын біртіндеп өтеуге мүмкіндігі бар. Жобаның негізгі ерекшелігі, сатып алушы құрылыс жұмыстарына көмектесіп, үйдің әр шаршы метрінен 300 доллар үнемдейді.

6 сотық жерге тұрғызылатын баспана жиһаз, тұрмыстық техникамен жабдықталады. Сондай-ақ, ауласында көлік тұрағы болады. Қалашық Ильинка кентінде бой көтермек.

Әзірге 90 таунхаус пен 10 коттедж салынады деп жоспарланып отыр. Алғашқы үйдің тұсауы бір жарым аптадан кейін кесілмек. Тұрғын үйлер биылғы жылы қазан айында тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Маржан Әбділмәжитова, Жалпыға ортақ еңбек одағының мүшесі:

- Жобаның ерекшелігі неде? Ерекшелігі – адамды еңбекке баулу. Яғни, өзінің құрылыс үйіне қатыса отырып, 100 еңбек сағатына қатыса отырып, ол 13 күнді құрайды, ол жалпы 1200 шартты бірлікте осы өзінің үйіне осындай бағамен қол жеткізе алады.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии