KZ

"А" корпусының 550 бос лауазымына конкурс жарияланды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинг барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлімдеді.

"Осы басқарушы топ өкілдері кейін 2 санатқа жатқызылатын болады. Бірінші санатты алғашқы 50 лауазымға қойылатын талаптар тым қатал. Олардың құрамына жауапты хатшылар мен облыс әкімінің аппарат жетекшілері секілді жоғары лауазымды шенеуніктер енеді.

Ал екінші санатты топ өкілдеріне қойылатын шарттар жеңілдеу және олардың құрамын аудан, қала әкімдері сияқты атқарушы билік өкілдері құрайды. Бірақ, соның өзінде олар 10 шақты заңның кез-келген жерінен қойылатын 100 сұрақтың 80-іне мүдірмей жауап беруі тиіс.

Яғни, мұнда әрбір салалық бағытқа сәйкес әр заңнан 10 сұрақтан қойылады деген сөз. Одан бөлек, үміткерлер үшін 2 күнге созылатын тестілеу барысында заңға қатысты біліктіліктерін тексерумен қатар, олардың жеке адами қасиеттеріне және басқарушылық құзыреттерінің – әдептілік, коммуникативтілік, сапа мен нәтижеге бейімделу деңгейлері анықталатын болады", – деді Ә. Бәйменов.

Міндетті ережелердің құрамында үміткерлерлердің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі мен басқарушылық қызметте болған жылдары да мұқият есепке алынатындығын атап өту керек.

Новости Казахстана
"А" корпусының 550 бос лауазымына конкурс жарияланды
Mailfire view pixel