KZ

Қазақстанда өнімдері үлкен сұранысқа ие компания дау астында қалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ресей азаматы Procter & Gamble компаниясынан 15 млрд рубль талап етуде. Бұл туралы Life News мәлімдеп отыр.

Фокино қаласының тұрғыны Вадим К. америкалық Procter & Gamble компаниясынан 14 миллиард 973 миллион 750 мың рубль талап етіп, сотқа шағым түсірді. Шағымданушының айтуына қарағанда, ол Blend-a-Med тіс жуғыш пастасының ішінде кішкене мөлшерде су болғанын анықтапты.

Вадим есімді азамат тіс жуғыш пастаның орнына сықпада су болғанын көргенде, қатты ашуланғанын алға тартқан. Ашуға булыққаны сонша, тіпті тісін де сол күні ыспағанын ашына айтқан. Фокино қаласының тұрғыны арнайы Мәскеуге келіп, Головинский сотына шағымданған екен.

Алайда, соттың баспасөз хатшысы Сергей Полковниковтың сөзіне қарағанда, сот оның арызын қанағаттандырмаған көрінеді.

"Бұл негізсіз жасалған айып деп ойлаймын. Адамның денсаулығына зиян тиген жағдайдың өзінде миллион рубльден артық өндіріп алу мүмкін емес. Әдетте, бұл сома 100-300 мың рубльден аспайды", - деп толықтырды адвокат Сергей Жорин. Ал Вадимнің өзі бұл жайтқа қатысты ойын білдіруден бас тартып отыр.

Новости Казахстана
Қазақстанда өнімдері үлкен сұранысқа ие компания дау астында қалды
Mailfire view pixel