KZ

Алматы облысында жүргізуші 5 жолаушыны қағып кетті

Расcказать Вконтакте

Алматы облысында жүргізуші 5 жолаушыны қағып кетті, деп хабарлайды BNews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол апаты Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде орын алған. "Митсубиси Галант" және "Ниссан Цефиро" көліктерінің соқтығысуы салдарынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті",- деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Оның айтуынша, "Митсубиси" жүргізуші жол шетінде тұрған "Ниссан Цефиро" көлігімен соқтығысып, одан кейін бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді

Дәрігерлердің тексеруінен кейін 2 адам үйлеріне босатылған. Ал жол апатына кінәлі азамат дін-аман.

Новости Казахстана
Алматы облысында жүргізуші 5 жолаушыны қағып кетті
Mailfire view pixel