KZ

"Томпақ" деген фильм түсірілмек

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жақында Шымкенттегі "Сақ" киностудиясына "Балапан" телеарнасынан балаларға арналған кино түсіру жөнінде тапсырыс түсті.

"Оңтүстікфильм" мемлекеттік мекемесінің директоры Батырхан Дәуренбектің айтуынша, бүгінгі күні 12 сериядан тұратын туындыға дайындық қызу жүруде екен.

"Жаңа туындының аты – "Томпақ", – дейді осы фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Батырхан Дәуренбек. – Фильмнің қысқаша желісі мынадай. Бір ауылда тұратын кішкентай үш бала түнде көршінің алма бағына ұрлыққа түседі. 2-ші сыныпта оқитын үш дос әлден уақытта қашамыз деп өздерінің қалай ауыл сыртына шығып кеткенін байқамай қалады. Олар кенет аспаннан бір жарық сәуленің жерге қарай зымырап келе жатқанын көріп, енді солай қарай жүгіреді. Бір кезде алып-ұшып жетіп барғанда жерде быт-шыты шығып қирап жатқан ұшатын табақшаны көріп естері шығып кетеді. Олар сол маңда ес-түссіз жатқан, түрі адамнан мүлде өзгеше жатпланеталықты тауып алып, түнде өздерімен бірге үйлеріне алып қайтады. Оған "Томпақ" деп ат қойған. "Томпақ" есін жиған соң үш достың өмірінде адам сенгісіз ғажап оқиғалар басталады".

Б.Дәуренбек "Томпақты" Төлебидің Қасқасу және Диханкөл ауылдарында түсіруді жоспарлапты. Басты рольдерде бес-алты оқушы ойнайды.

"Бір серияның ұзақтығы – 30 минут. Әр серияда бір оқиға аяқталып отырады. Ал киноны сәуір айының соңына қарай түсіруді бастаймыз. Туынды үш айда толық аяқталады", – дейді Б.Дәуренбек.

"Томпақтың" өзгелерден бір ерекшелігі – онда кино мен анимация жанры қатар қолданылмақ. Фильм жасаушылар киноның деңгейі жоғары болуы үшін кәсіби әртістерді де шақырсақ деген ойда.

Читайте также
"Томпақ" деген фильм түсірілмек
Mailfire view pixel