KZ

Астанадағы "қызық" мүсіндерге 8 млн теңге жұмсалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бұған дейін Наурыз мерекесі қарсаңында Астана көшелерінің бойына орнатылған "ұлттық нақыштағы" мүсіндер жергілікті тұрғындар мен өзге де қазақстандықтардың таңданысын тудырғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең алғаш болып бұл жайтқа Жетінші арна тілшілері назар аударды. Аталған телеарнаға берген сұхбатында белгілі мәдениет қайраткері, Астана суретшілер одағы басқармасының мүшесі Хасен Абаев өз таңданысын жасыра алған жоқ.

Ол қолөнер шеберлерінің жасаған осынау мүсіндерін жәй ғана халтура, сәтсіз шыққан "туынды" дейді. Айтуынша, 40 жыл өнерде жүрген ол өмірінде алғаш рет мұндай мүсінді алғаш рет көріп отыр.

Ал, әкімдіктегілер болса мүсіндердің әрбірін сарапшылар комиссиясы мақұлдағандығын айтып отыр. "Мақсатымыз халықты шошындыру емес, көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлау еді" дейді шенеуніктер.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек көше бойындағы "ерекше" мүсіндерді жасауға шамамен 8 миллион теңге жұмсалған екен. Қазіргі таңда аталған тақырып аясындағы пікірталастар басылым беттерінде және ғаламторлағы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Новости Казахстана
Астанадағы "қызық" мүсіндерге 8 млн теңге жұмсалды
Mailfire view pixel