KZ

Ақордада "А" корпусына кіретін шенеуніктерді іріктеу басталды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Кеше Ақордада Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Бұл туралы бүгін "Егемен Қазақстан" газеті жазды. Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №520 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің басқарушы "А" корпусын қалыптастыру мақсатында құрылды.

Комиссия құрамына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Әбдірахымов, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары А.Судьин, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченко, Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Байменов, Әділет министрі Б.Имашев, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Е.Қошанов, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова кіреді.

Ұлттық комиссияның хатшысы - Президент Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі М.Дәуешов. Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес елімізде мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын іске асыруға жауапты кәсіби басқарушылардың мүлде жаңа тобы - "А" корпусы жасақталатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы 1 шілдеге дейін басқарушылық корпусты қатаң іріктеу және жасақтау қажет. Бұл жұмыстар бүгіннен басталды. Ұлттық комиссия отырысында бірқатар ішкі құжаттар, соның ішінде жұмыс жоспары, кандидаттарды іріктеу тәртібі қабылданды, сондай-ақ іріктеуді жүргізу туралы хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында осы аптада жариялау туралы тапсырма берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың бәсекеге қабілетті­лігінің өсуі және барлық мем­лекеттік аппараттың тиімділігін арттыру меритократия, транспарент­тілік, нәтижелілік және қо­ғамға есептілік қағидаттарына негізделетін болады.

Новости Казахстана
Ақордада "А" корпусына кіретін шенеуніктерді іріктеу басталды
Mailfire view pixel