KZ

Қазақстандықтар параны малмен де ала бастады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматы облыстық қаржы полициясының қызметкерлері сиыр түрінде заңсыз сыйақыны тапсыру кезінде Іле ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығы директорын құрықтады.

Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасы хабарлайды. Белгілі болғанындай, шенеунік әйел ауылдасына үй тұрғызу үшін жер учаскесін алуға көмектесуге уәде еткен. Ал өзінің еңбегін бір ірі қараға бағалаған.

Делдал шенеунік мал түріндегі ақыны иемденді, бірақ уәдесін орындамаған. Шендінің арбауына түскен әйел Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне шағымданған.

Кейіннен қаржы полицейлері алаяқ басшыны сиырды кері қайтару кезінде құрықтады. Аталған іс бойынша "алаяқтық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдейді прокуратура өкілдері.

Новости Казахстана
Қазақстандықтар параны малмен де ала бастады
Mailfire view pixel