KZ

Алматы тұрғыны құтыланған қияр жеп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Көкөніс жеп, ауруханада түсетіндердің саны азаймай тұр.

Жабайы сауданың жағасынан алып жойып жіберуге шамамыз жетпейді деген СЭС мамандары өз денсаулығына мән бермейтін жұрт көкөністерді кезіккен жерден ала береді деп дабыл қағып отыр.

Осындай оқыс оқиғалардың бірі тағы Алматыда тіркелді. Құтыланған қияр жеп уланып қалған азамат екі аптадан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Әлі есіне келмеді. Науқастың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлердің айтуынша, жағдайы өте ауыр.

Көкөніс, жеміс-жидек жеп уланғандар жеткізілетін ауруханадан бос орын табу қиын бүгінде. Санының еселенуі алаңдатарлық...

Жабайы сауданың дәурені жүріп тұрған шақта, "ботулизм" диагнозымен түсетіндер көбейген. Көше қапталындағы саудада санитарлық сертификат болмаған соң, адамның сол жерден уланғанын дәлелдеудің өзі қиынға соғады.

СЭС мамандары, заңсыз сауданы жоюға шамаларының келмейтінін айтады. Рұқсатты прокуратура береді. Өйткені заң бұл жағынан аяқ-қолымызды матап тастаған. Бірақ, өз денсаулығына онша-мұнша мән бермейтін жұртты да ақтауға болмайды дейді.

Бір уланған адамды емдеу үшін ең азы жергілікті бюджеттен 58 мың теңге кетеді. Жансақтау бөлімінде екі апта, емдік бөлімде тағы екі апта жатады

Мамандар ботулизм ұзақ уақыт сақталады, ол консервіленген банкіге түскенде улы затты бөледі дейді.

 

Новости Казахстана
Алматы тұрғыны құтыланған қияр жеп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Mailfire view pixel