KZ
Халық үні. Қазақстандықтар қазақ тілінде жіберілетін өрескел қателерге наразы (фото)

Халық үні. Қазақстандықтар қазақ тілінде жіберілетін өрескел қателерге наразы (фото)

Расcказать Вконтакте

NUR.KZ интернет-порталының редакциясына оқырмандарымыздың бірі хабарласып, қазақ тіліне қатысты туындайтын мәселелердің біріне назар аударуды сұрады.

Оның айтуынша, мемлекеттік тіліміз күнделікті қоғамдық орындарда, бұқаралық ақпарат құралдары, одан қалды көпшілік тұтынатын тұрмыстық заттар мен тамақ өнімдері арқылы қорланып келеді.

Ол күнделікті тұтынатын заттардың қораптарының сыртындағы жазулар қазақ тілінде болса, міндетті түрде қателер өріп жүретініне наразы.

Сөзіне дәлел болу үшін ол танымал сусындардың бірінің сыртындағы жазу түсірілген фотосуретті жіберіпті.

Еске сала кетсек, бұған дейін NUR.KZ Қазпоштаның қызметкері Твиттердегі пайдаланушылардың бірі қазақ тілінде қойған сауалға жауап беруден бас тартып, мемлекеттік тілді суахилиге теңегенін хабарлаған болатын.

Кейін компанияның ресми өкілдері Қазақстан заңнамасын бұзған қызметкерін жұмыстан шығарып, қазақ тіліне жетік басқа қызметкерді қабылдағанын айтып ақталды.

Сонда қыруар қаржы табатын компаниялардың қазақ тілін жетік меңгерген сауатты маманды қызметке алуға мұршасы жетпей ме, жоқ әлде бұл мемлекеттік тілге деген менсінбеушілік пе?

Новости Казахстана
Mailfire view pixel