KZ
Семей тұрғыны қыз іздеу туралы жарнама берді

Семей тұрғыны қыз іздеу туралы жарнама берді

Расcказать Вконтакте

Кеше Семей қаласындағы аялдамалардан жергілікті тұрғындар ерекше жарнаманы оқыды.

Нақтысын айтсақ, белгісіз біреу "Қыз іздеп жүрмін" деген тақырыбы бар мәтін жазылған бір жапырақ қағазды көз жетер жердің барлығына жабыстырып кеткен. Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлайды.

"Ерекше жарнамада" жазылғандай, жас жігіт 8 наурыз күні түнде дәмханалардың бірінде мерекені құрбыларымен атап өтіп жатқан бойжеткенге өлердей ғашық болған көрінеді. Алайда, танысуға батылдығы жетпесе керек, енді қолын мезгілінен кеш сермеп отыр.

"Оның үстінде жасыл жейде, қара шалбар болды. Шашы ұзын қара, көздері өте әдемі (бәлкім оны іздеуіме де осы көздері себеп болған шығар), орта бойлы, шамамен 160-170 сантиметр" делінген жарнама мәтінінде. Хат иесі бұрын-соңды бұлайша ешкіммен таныспағандығын айтады. Сондықтан іздеген қызы жазбаны көре қалған жағдайда жауап қатуын сұраныпты.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel