KZ
Полиция Алматы облысының тұрғынын далада дәрет сындырды деп мойындатпақ

Полиция Алматы облысының тұрғынын далада дәрет сындырды деп мойындатпақ

Расcказать Вконтакте

Алматы облысының тұрғыны 31 арна редакциясына келіп, не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін жағдайын айтып, көмек сұрады.

Арызын арқалап келген кейуана баласының далада дәрет сындырғаны үшін сотқа тартылғандығын айтып отыр. Енді жігіт ерсі қылығы үшін әкімшілік жазасын өтеп, 5 мың теңге көлемінде айыппұлын өтеуі тиіс.

Айгүл Сегізбай кешқұрым көшеге шығып, тәртіп сақшыларына тап болған баласының жазықсыз екендігін айтып ақталуда. Оның 2- топтағы мүгедек ұлын, патрульдік полиция қызметкерлері көшедегі теке-тірестің куәгері болуға шақырған. Сол түні ұсыныстан сыпайы түрде бас тартқан жігіттен қағазға қол қоюды сұрап, тәртіп сақшылары жөнімен кеткен екен.

Алайда, артынша Сегізбаевтар отбасына әкімшілік тәртіпті бұзғандығы үшін, сотқа шақырту қағазы келіп түскен.

Батыр ана, баласының істемеген ісі үшін ары мен құқығы жерге тапталып, жүйкесінің жұқарғанын айтып ашынуда. Қалалық және облыстық әкімшілік соттың шешіміне наразы кейуана, енді жоғарғы сотқа шағымданатынын жеткізді.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel