KZ
Еліміздегі имам-молдалар бұдан былай тұрақты түрде айлық алады

Еліміздегі имам-молдалар бұдан былай тұрақты түрде айлық алады

Расcказать Вконтакте

Еліміздегі имам-молдалар бұдан былай тұрақты түрде айлық алады. Мәселе діни басқарма жанынан құрылған зекет қорына түскен қаражат есебінен шешілгелі отыр.

Бұл туралы өзінің жұмыс сапарын Оңтүстік Қазақстан облысынан бастаған бас мүфти Ержан қажы Маямеров айтты. Бас мүфти, әсіресе, шалғай ауылдардағы имамдардың әлеуметтік мәселесін шешуді көздейді.

Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысында мешіт саны да, ондағы жамағат саны да өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Аймақта 894 мешіт бар. Алайда дін өкілінің түкпірдегі елді-мекен жамағатының діни сауатын ашуға баруға көбіне келісе бермейтіні рас.

"Өйткені отбасы жағдайы көтермейді. Сондықтан бірінші кезекте олардың жалақы мәселесін шешуіміз қажет", - деді Ержан қажы Маямеров.

"Садақа жәшігіне түскен қаржыны халық қадағалай алады", - дейді еліміздің бас мүфтиі. Қазір Оңтүстіктегі Созақ пен Отырар ауданының имамдары осы бастаманың игілігін көре бастаған.

Ержан қажы Маямеров, ҚР МДБ бас мүфтиі:

- Қай облыс діни басқарма зекет қорына қанша ақша аударылады, соған байланысты сол өңірдің ауыл имамдарына айлық беріледі. Қазір, міне, Оңтүстікте жүзге тақау ауылдық имамдарға жоспарда бар беру. Енді, Құдай қаласа, сол басталып беріледі. Зекет қорына қалталы азаматтар аударады, жалпы халық аудара алады. Оның шымкентте өкілі бар.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel