KZ
Семейде жүргізуші-әйел 15 минутта үш жол апатына түсті

Семейде жүргізуші-әйел 15 минутта үш жол апатына түсті

Расcказать Вконтакте

Семейде жол ережесін бұзған әйел көліктен шықпай әлек салды деп хабарлайды КТК арнасы.

3 бірдей автокөлікті соғып, артынша өзінің де темір тұлпары жол ортасында бұзылған мас келіншек полицейлердің өтінішіне де құлақ асқан жоқ.

Темір тұлпар тізгініне мас күйінде отырған келіншек алдымен телефонында жазылған барлық тамыр-таныстарын түгендемек болды. Алайда ешқайсысы сол күйі көмекке келмеген. Өзін дәрігермін деп таныстырған ол, тіпті жол сақшыларының денсаулығын тексеріп беруді ұсынды.

Онысынан нәтиже шықпаған соң жолаушы орындығына отырып, көлікті жүргізбегенін дәлелдеп бақты. Бір сағат бойы тәртіп сақшыларының сөзіне құлақ аспаған әйелді ақыры көлігімен қоса эвакуатормен алып кетуге тура келді.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel