KZ
Астанадағы баспана құны Стамбұл, Дубайды басып озды
Новости Финансы

Астанадағы баспана құны Стамбұл, Дубайды басып озды

Расказать Вконтакте
Астанадағы баспана құны Стамбұл, Дубайды басып озды

Тапқан азын аулақ қаражатына жұрт сырттан үй алмай қайтсін. Елордадағы баспана құны Стамбұл, Дубай, Афина сынды танымал шаһарларды шаң қаптырады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Астанада жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі 1 мың 930 доллар Беларуссияның астанасы Минскіде баспана 20 %-ға арзан. Яғни, ол жақтан үй алсаңыз, 30 мың доллар үнемдей аласыз. Астанадағы екі бөлмелі бір пәтердің құнына Каирден дәл сондай екі баспана алуға болады.

Мына қызықты қараңыз, Атлант мұхитының жағалауында орналасқан курортты қала Майамиде баспананың шаршы метрі Астанадан небәрі 85 долларға қымбат. 2 мың 22 доллар. Ал Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында үйдің шаршы метрі Астанадан 300 долларға арзан.

Елорда тұрғындарының орташа жалақысы 136 мың теңге деп есептесек, Астанадан екі бөлмелі пәтер алу үшін барынша үнемдеп, 11 жыл жинауы керек екен. Бұл – Richmond Realty компаниясының мәліметі.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии