KZ
Қазақстан әуежайлары бір холдингке біріктірілмек
Новости Финансы

Қазақстан әуежайлары бір холдингке біріктірілмек

Расказать Вконтакте

Қазір Қазақстандағы 18 әуежайдың 4-еуі мемлекет меншігінде.

Түркия, Франция, Швейцария мен Малайзия елдерінде кеңінен қолданысқа ие бұл бастама қызмет сапасын жақсарту үшін қолға алынды. Осы өзгерістерге сай ұшулардың қауіпсіздігі мен оны қадағалауды күшейту қамында қолданыстағы заңға 40-қа тарта түзету енгізіліп, азаматтық авиацияның қызметі бір орталықтан басқарылады.

Өйткені, әуежайлардың жағдайы мәз емес, ұшу жолының әбден тозығы жеткен, ауыр салмақты ұшақтарды қабылдай алмайды. Осыдан қорыққан көптеген шетелдік компаниялар өз қызметкерлеріне Орал әуежайынан ұшуға тыйым салған. Сондықтан бұл әуежайдың да мемлекет меншігіне ауысуы мүмкін.

Хайретдин Раскалиев, "Орал" халықаралық әуежайының бас директоры:

- Үкімет басшысы бұл мәселені 2 аптада шешуді тапсырды. Біздің акционерлер Үкіметтің қай ұсынысын да қолдайды. Мемлекет әуежайды сатып аламыз десе де немесе балама ретінде басқа әуежай салуды көздесе де. Біз бұл әуежайды 2008 жылы бір миллиард теңгеге сатып алдық. Қазір оның бағасы сол кездегіден өзгергені анық.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии