KZ
Елордада 7 қабатты жабық автопаркинг салынады
Новости Финансы

Елордада 7 қабатты жабық автопаркинг салынады

Расказать Вконтакте

Бұл туралы astana.kz сайтына "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалары институтынан мәлім етт, деп хабарлайды qogam.kz.

Самал шағын ауданы елорданың дамыған ауданында орналасқан. Алайда аталған шағын аудан тұрғындары машиналарды қоятын автотұрақ жетіспеушілігін бастан кешіп келеді. Тұрғындардың айтуынша, әсіресе, қыс мезгілінде, аяздарда сыртта тұрған автомобильдер от алмай, қиындықтар туғызады.

Осыған байланысты кейбір тұрғындарға басқа жерде орналасқан гараждарды пайдалануға тура келеді. "Астанабасжоспар" мекемесінен хабарлағанындай, 2015 жылға дейін осы ауданда 7 қабатты автопаркинг салынады.

"Елорданың Алматы және Сарыарқа аудандарында 2015 жылға дейінгі кезеңде көпдеңгейлі автопаркингтер салу белгіленген сызбасына сәйкес, Самал шағын ауданында аумағы 0,3 гектар жерге 7 қабатты жабық автопаркинг салу қарастырылған",- делінген хабарламада.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии