KZ
Коммуналдық қызметтер құны әлі де қымбаттауы мүмкін
Новости Финансы

Коммуналдық қызметтер құны әлі де қымбаттауы мүмкін

Расказать Вконтакте

Коммуналдық қызмет құнының қымбаттап жатқанына қоғам қанша жерден наразы болса да, баға бәрібір бір жерде тұрақтап қалмайды.

Қымбатшылық әлі де жалғаса бермек. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшылары біздің арнамызға арнайы сұхбат беріп, осындай мәлімдеме жасады.

"Жаппай қымбатшылық болмайды. Себебі, биыл қаңтар айында еліміздің барлық өңірінде тарифтер өсті. Десе де, жылу құнына байланысты шығындарды жабу мақсатында шамалы қымбатшылық болады. Сондай-ақ судың бағасы да кей өңірлерді аздап көтеріледі", - дейді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа.

Десе де, бағаны бақылауы тиіс ведомство монополистерден қызмет құнын қымбаттату туралы өтініш келіп түссе, қарастырып, керек болса талаптарын орындауға дайынбыз деп отыр. Ал, осыдан екі күн бұрын ғана наразылық шеруін өткізген коммунистердің қызыл кеңірдек болып жеткізген уәждері әзірге ескерусіз қала бермек.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии