KZ
Зейнетақы қорлары жабылмайтын болды
Новости Финансы

Зейнетақы қорлары жабылмайтын болды

Расказать Вконтакте

Ел басшылығының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын" құру туралы шешімі шығысымен, жеке ЖЗҚ-лар ұлардай шулап қоя бергені мәлім: талай жыл өздері ғана емен-жарқын қызығын көріп келген "майшелпектерін" беру қайдан оңай болсын?!

Бұл ретте олардың қарсы қойған басты дәйектеме дәлелі – "жеке қорларда жұмыс жасайтын ондаған мың маман енді қызметінен айырылып, жұмыссыздар санын арттырады, бұл – әлеуметтік шиеленіске әкеледі" болған. Ел Үкіметі басқа жол ұсынды: барлық ЖЗҚ-лар енді ЕЖЗҚ-ға айналады! Кеше ел Үкіметі Парламентке "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" жаңа заң жобасын енгізді.

Қалай болғанда да Қазақстан "ЖЗҚ" ұғымынан ақыры бас тартты. Осылайша, 15 жыл бойы елімізде "өмір сүрген" бұл институт тарихқа жол тартқалы отыр. Өйткені кеше қалаулылар қолға алған "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру тура­лы" жаңа заң жобасы, 1-бабының 16-тар­мақшасында ЖЗҚ-ға "өткен шақтағы" анықтама береді: "Жинақ­таушы зейнетақы қоры – тиісті лицен­зия негізінде зейнетақы жарна­­ла­рын тарту және зейнетақы төлем­­дері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лицензиясының қолданысы осы заңның 73-бабының 3-тар­ма­ғына сәйкес тоқтатылған заңды тұлға".

Енді олардың орнын "ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары" (ЕЖЗҚ) басуға тиіс. Аттары айтып тұрғандай, ЕЖЗҚ-лар енді халықтың ерікті жарналарын ғана тарта алады.Ал бухгалтерия арқылы ай сайын жалақыдан, басқа да табыстан мәжбүрлі түрде ұсталатын "міндетті зейнетақы жарналары" үшін енді қазақстандықтар алаңдамауларына болатындай.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии