KZ
Жанар-жағармайдың шекті бағасы белгіленді
Новости Финансы

Жанар-жағармайдың шекті бағасы белгіленді

Расказать Вконтакте

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары белгіленді, деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 76-НҚ бұйрығына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленді: дизель отыны - 1 литр үшін 102 теңге; Аи - 80 - 1 литр үшін 89 теңге; Аи - 92 - 1 литр үшін 110 теңге", - делінген хабарламада.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы мұнай және газ және экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісілді. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии