KZ
Жамбыл облысында кеденшілер мен полицейлер қосылып контрабандамен айналысты
Новости Финансы

Жамбыл облысында кеденшілер мен полицейлер қосылып контрабандамен айналысты

Расказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы "Қордай" және "Қарасу" кеден бекеттері арқылы экономикалық контрабандамен айналысқан топқа Жол полициясының да қатысы бар.

"Жалған транзит" жүйесіне қатыстыларды тексеру жүргізген Кедендік бақылау комитеті әшкерледі. Түркиядан Қырғызстанға жеткізілуі тиіс тауар алдымен теңіз арқылы Маңғыстау облысындағы "Морпорт" кеден бекетіне жетіп, кейін Жамбыл облысындағы "Қордай" кеден бекетінен өтуі керек болған.

Алайда, жүк көліктері діттеген жеріне тек қағаз жүзінде жетіп, бар тауар елімізде саудаланып отырған. Құжатта жеміс-жидек деп көрсетілгенімен, көліктермен тұрмысқа қажетті тауарлар тасымалданғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Германияның ескі автокөліктері Қырғызстан арқылы Қазақстанға заңсыз жолмен кіргізілгені анықталды.

Пысықайлар осы уақытқа дейін 100-ден аса неміс көлігін алдымен Қырғызстанға жеткізіп, кейін оны елімізге оп-оңай рәсімдеп, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алған. Заңсыздықты жүзеге асыруға жол сақшылары қолғабыс еткен.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии