KZ
Қазақстандық егіншілерде тұқым жоқ
Новости Финансы

Қазақстандық егіншілерде тұқым жоқ

Расказать Вконтакте
Қазақстандық егіншілерде тұқым жоқ

Қазақстанда көптеген шаруа қожалықтары былтыр егіннің құрғақшылық салдарынан күйіп кетуінен, бүгінде тұқымсыз қалып отыр.

Бұл жөнінде Қазақстан фермерлері одағының кеңейтілген отырысында республикалық бірлестік президенті Әуезхан Дарынов мәлімдеді. Гектарына 2-3 центнерден өнім алған фермерлердің өзінде де сұрыпталған тұқым жоқ. Біз таяу күндерде тұқымға сұраныстың күрт артуынан алыпсатарлар бағаны бас айналарлық дәрежеге көтеруі мүмкін деп қауіптеніп отырмыз, - деді Ә. Дарынов.

Ал Фермерлер одағының басшысы көктемгі егіс жұмыстары мен ұсынылатын несиелендірудің механизмдері талапқа сай жүргізілетіндігін айтуда. "Алайда, көптеген тауар өндірушінің бұрын алған несиені қайтару бойынша қаржылық қиын жағдайда тұрғанын ескере келе, екінші деңгейлі банктердің кепілдігіне қатысты Ереже талаптарын қайта қарап шығуды ұсынамын", - дейді ол.

Ә. Дарыновтың сөзінше, өйтпеген жағдайда екінші деңгейлі банктерге қарызы бар көптеген фермерлер несиелендіру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Расказать Вконтакте
Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии