KZ
Жерлесіміз Қазақстанды энергетикалық державаға айналдыратын әдіс тапты
Новости Финансы

Жерлесіміз Қазақстанды энергетикалық державаға айналдыратын әдіс тапты

Расказать Вконтакте

Таяуда астаналық Бақытжан Әлменов электр қуатын өндірудің тың тәсілін ойлап тауыпты.

45 жыл электрик болып істеген ол Женева патент бюросының құжатына ие болған екен Оның өнертабысына Австрия және Ресей қатты қызығушылық білдіріпті. Бірақ ол өз туындысын ЕХРО – 2017 көрмесінен көргісі келетінін айтады.

– Бұл жобаны мемлекетіміз жүзеге асыра алса, мықты энергетикалық державаға айналар еді. Өнертабыстың негізіне судың күші алынған. Өздеріңізге белгілі, судың тебуші күші жүз тонналаған кемелерді көтеріп кетеді. Ал егер арнайы арналарды пайдаланып, су астына ауа жіберсек ше? Бұл ауаны босату арқылы электр энергиясын алуға болады. Бұл арада кішігірім суқоймасы болса жеткілікті. Көмір, мазут жағып керегі жоқ. Мен елімде бұл жаңалығым үшім грант жеңе алмадым. Есесіне, қазір мені әлемнің барлық ғалымы біледі. Хабарласып жатыр. Өнертабысым бүкіл әлемді өзгертуге лайық деген де баға берілді. Бірақ өз өнертабысымды ЕХРО – 2017 көрмесінен көргім келеді. Одан кейін оның болашағы туралы ойлана жатармын, – дейді өнертапқыш.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии