KZ

Алматыда жазушы Қажытай Ілиясов дүниеден өтті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

28 қаңтарға қараған түні Алматыда қазақтың белгілі қаламгері, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Қажытай Ілиясов 74 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының басқармасынан хабарлады.

Қажытай Ілиясов 1939 жылы ҚХР-дың Тарбағатай аймағындағы Дөрбілжін ауданында туған. Шыңжаң Тіл институтының (педагогикалық) қытай тілі факультетін бітіріп, "Шыңжаң" газетінің редакциясында аудармашы, сол газеттің Іле, Тарбағатай аймағындағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген. 1962 жылы Қазақстанға келіп, 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

"Ара"-"Шмель" журналында, "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде фельетонист, бөлім бастығы, Қазақ теледидарында аға редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Бас редакциясында, "Жазушы" баспасында редактор, "Азамат", "Астана", "Астана даусы" - "Голос Астаны" газеттерінде Бас редактор, ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.

"Дастархан" атты ең алғашқы өлеңі "Шыңжаң" газетінде 1959 жылдың күзінде жарияланған. Лирикалық, сатиралық өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1965 жылдан жарияланып келеді. 1967 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен "Лениншіл жас" газеті бірігіп жариялаған жыр мүшәйрасында бас бәйгеге ие болған.

2001 жылдан бастап халықаралық "Сорос-Қазақстан" қорының және бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының алты мәрте жүлдегері. 21 ән мен 3 күйдің авторы. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты. Жазушының "Қайран жастық" өлеңдер мен поэмалар жинағы. "Усойқы", "Маймылдың мәдениет"", "Біле білсең", "Қалақай қамшы" атты сатиралық кітаптары, "Тас жарған" лирикалық өлеңдері жарық көрген.

Ақынмен қоштасу Жазушылар одағының үйінде 30 қаңтарда өтпек.

Новости Казахстана
Алматыда жазушы Қажытай Ілиясов дүниеден өтті
Mailfire view pixel