KZ

Екі қазақ студенті Калининградты дүрліктірді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Калининградта қазақстандық студенттердің қолдан ақша жасағаны белгілі болды.

Бұл туралы калининград.ru сайты хабарлайды. Жас жігіт пен бойжеткен әлдебір жерден ішімдік алу үшін 1000 рубль (шамамен 5 мың теңге) төлеген.

Сондай-ақ, оған қоса тағы да мың рубль көлемінде жалған ақша табылған. Бірі 25, бірі 19 жастағы студенттер бұл ақшаны принтермен жасап шығарған. Күдіктілердің тұратын орнын анықтаған кезде жалған мың рубльмен бірге номиналды 500 рубль табылған. Сондай-ақ, оларды жасайтын принтерді тапқан.

Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Олар Калининградтағы әлдебір ЖОО-ның студенттері екендігі анықталды.

Новости Казахстана
Екі қазақ студенті Калининградты дүрліктірді
Mailfire view pixel