KZ
Қазақстанда 9 әйелге 33 млрд теңге "декреттік" төлем аударылды
Новости Общество

Қазақстанда 9 әйелге 33 млрд теңге "декреттік" төлем аударылды

Расcказать Вконтакте

Сенаттың кезекті жалпы отырысында естіген адамды естен тандыратын дерек айтылды: 9 әйел бала тууға байланысты мемлекеттен 33 млрд. теңге "декреттік" төлем алыпты!

Көктен жай түскендей болған хабардан ең алдымен депутаттардың өздері қатты шошынса керек. Бір өкініштісі, әйелдердің айтылған алапат соманың қандай жағдайда, қандай жолмен алғаны анықталмай қалды.

Бұл туралы жазған "Айқын" газеті де мәселенің мәнісін ашып айтпапты.

Қазақта "құрсағы алтын аналар" деген ұғым бар, ол өте көп сәбиге өмір сыйлаған асыл аналарға қатысты қолданылады. Әйткенмен сонша еңбек сіңірмесе де, бала тууын мемлекетке "ат басындай алтынға" бұлдаған әйелдер бар болып шықты.

Осыдан мемлекеттің өзі де шошынса керек, Үкімет осыған тосқауыл қоюға тиісті, әрі қатаң тыйым салу шаралары қарастырылған арнайы заңның жобасын Парламентке енгізген. Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы палатаның кешегі жалпы отырысында сенаторлар ол құжатты бірден екі оқылымда қабылдап тастады. Заң осылайша "Парламент қабылдады" деп танылып, Елбасының қол қоюына жолданды.

"Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы" деп аталған жаңа заң жобасының басты бір жаңалығы мынау: бұдан былай әйелдерге өмірге бала әкелгені үшін мемлекет төлейтін біржолғы төлем 10 "ең төменгі жалақы" (10 "мини­маль­ных зарплат") көлемімен шектеледі!

Ал ендігі күшіне мінген "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде "ең төменгі жалақы" мөлшері 18 мың 660 теңгені құрайды.

Енді осыны 10-ға көбейтіңіз. Яғни аяғы ауыр не сондай бақытты бастан ке­шуді ойлап жүрген нәзік болмыс иелерінің басым көпшілігіне 186 мыңнан артық "декреттік" төлем алудан енді үміттенбеуіне болады.

"Басым көпшілігіне" дейтініміз, заңда бұл жерде бір "ескерту" жазылған: егер келісімшартта не жұмыс берушінің құжаттарында көрсетілсе, перзент сүйген жұмыскеріне, мемлекет беретін 10 "ең тө­менгі жалақыдан" жоғарғысын жұмыс беруші төлейді. Бірақ өз мойнына ондай артық ауыртпалық алатын "әлеуметтік жауапты" жұмыс берушілердің аз екендігі даусыз. Алса, мүмкін биліктегі, мемлекеттік қызметтегі, ұлттық компаниялардағы ханымдар алар. Неге Үкімет депутаттардың қолдауы­мен, мұндай қатаң шараға барып отыр? Бұған екі фактор ықпал еткендей.

Бірін­шіден, бұл "Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорын" құтқарып қалу үшін қажет екен, оған "қатер төніп тұрғандығы" айтылды. Екіншіден, "бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" деген заңдылық іске қосылыпты: әлгі қордың бала туған әйелге төлейтін сақтандыру төлемінің көлемінің шектеусіз екендігін, миллиардтап алсаң да, шектеу қоймайтындығын алаяқтар өз пайдасына пайдаланған.

Аяғы ауыр не сондай бақытты бастан ке­шуді ойлап жүрген нәзік болмыс иелерінің басым көпшілігіне 186 мыңнан артық "декреттік" төлем алудан енді үміттенбеуіне болады.

- 2008-2011 жылдары әйелдердің жа­лақысы аз 91 пайызы қордан 64 мил­лиард теңге "декретный" алған, ал дәл сол мер­зімде жалақысы жоғары 9 ғана әйел қор­дан 33 миллиард теңге "декреттік" төлем алыпты! – деді сенатор С.Жалмағамбетова.

– Бұл жерде біріншіден, әлеуметтік әді­леттілік бұзылып отыр: өйткені шек қо­йыл­­мауы кесірінен, аз жалақы алатын жұмысшылар жоғары жалақы алатын­дар­дың "декреттік" төлемдерін төлейді. Екіншіден, Светлана Жақияқызының айтуынша, қор төлемдерінің жоғарғы шегінің белгіленбеуі "заң бұзушылықтарға, алаяқтықтарға алып келген": "Бірқатар кәсіпкерлер мол "декреттік" төлем алған­дар­дың кейбіріне табысының жалған сомасын көрсетіп берген".

"Нәтижесінде, Қордың жұмысының тұ­рақтылығына қауіп төніп тұр, – деді се­на­тор ханым. – Сондықтан Германия, Жапония, Америка сияқты дамыған елдердің тәжірибелерін ескере отырып, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңының 23/1-бабына өзгерістер енгізіл­еді. Ол бойынша Әлеуметтік сақтандыру қоры декреттік демалысты, сақтандыру жарналары төленетін 10 "ең төменгі жа­ла­қы" деңгейіне сәйкес төлейді. Одан асатын жүктілік пен бала туу бойынша демалыс төлемін, егер ұжымдық келі­сім­шартта не­ме­се жұмыс берушінің актісінде қарас­тырылса, жұмыс беруші төлейді".

Мемлекет "миллиардер" атандырған аналар жайын біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен сұрастыр­ғанбыз: "Өкінішке қарай, заңнаманы қолданған кезде біз осындай кемшіліктерге шықтық, – деді министр Серік Әбденов. – Бір-ақ ай жұмыс істеген, бірақ жоғары жалақы алған деген әйел азаматтар жүк­ті­лі­гіне байланысты демалысқа шыққан кезде, заңнамадағы кемшіліктерді пай­да­ланып, табысының көп мөлшерде екендігі көр­сетілген тиісті анықтамаларды тапсы­рып, өте көп төлем алған жағдайы анық­талды. Жалпы, олардың санын нақты айта алмаймыз, 9-дан да көп. Әшкереленгені әзірге осынша. Ол жерде алаяқтық та бар, Бас прокуратура анықтап, тиісті қылмыс­тық іс қозғады. Мына заң енді соның ал­дын алу үшін жасалып жатыр".

Тағы бір жайт: бұл заң әйелдерге 50 жаста-ақ зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік береді.

Ол үшін біріншіден, олардың осы жаста ЖЗҚ-ларда жиған ақшасы 3 мил­лион теңгеден кем болмауы қажет, екін­шіден, сақтандыру құрылымдарымен зейнеткерлік аннуитет туралы шарт жаса­суы керек. Бұған дейін әйелдерге зейнет­керлік аннуитет құқығын тек 55 жастан ғана пайдалануға рұқсат етілетін, мына заң оны 5 жылға қысқартып, ерлер жасы­мен теңестірді.

Бір қызығы, бұл заң сондай-ақ енді ЖЗҚ-да жиған зейнеткерлік жарнасы әлгі сомадан әлденеше есе асатын азаматтарға бірнеше сақтандырушы ұйымдармен зейнеткерлік аннуитет келі­сімін бекітіп, бірден "бірнеше зейнетақы" алуына мүмкіндік береді.

Ваша реакция
4
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Комментарии
Mailfire view pixel