KZ
2013 жылы Астанада ірі азық-түлік базары салынады
Новости Финансы

2013 жылы Астанада ірі азық-түлік базары салынады

Расказать Вконтакте

2013 жылы Астана қаласында ірі көтерме-бөлшек сауда базарының құрылысы басталады.

Бұл жөнінде бүгін елорданың маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселесі талқыланған жиында Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Далабаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Әлемде азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Бұл ретте Астана қаласының әкімдігі 2013 жылға маңызды міндеттер қойып отыр. Қаладағы сауда орындары арқылы азық-түліктің жеткізілуі мен сатылу көлемін 60 %-ға арттыру көзделген. Мұнымен қатар жалпы өнімділігі 4 мың тоннаны құрайтын тағы 3 жылыжай кешені мен сыйымдылығы 50 тонна 9 көкөніс қоймасын салуды қамтамасыз ету жоспарланып отыр", - деді Мұрат Далабаев.

Сондай-ақ ол биыл Астана қаласында ірі көтерме-бөлшек сауда базарының құрылысы басталатынын атап өтті. "Биыл "ҚазАгро" АҚ бірлесіп Астана қаласында ірі көтерме-бөлшек сауда базарының құрылысын бастаймыз. Бүгінгі күні азық-түлік жеткізу бойынша сауатты логистиканың болмауы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі мәселе болып табылады", - деді ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.

Сонымен қатар жергілікті билік азық-түлік бағасын қатаң бақылауға аламыз деп отыр.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии